Түркияда үйінді астынан шығарылған 1678 сәби отбасымен қауышты

0
1 174

Жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардағы 42 баланың жеке басы анықталмаған.


Түркияда үйінді астынан шығарылған 1678 сәби отбасымен қауышты

ERNUR.KZ. Қахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін қараусыз қалған 1915 баланың 1678-і отбасымен қауышты, деп жазады inbusiness.kz.

Аталмыш министрліктің Twitter-дегі парақшасында жарияланған мәлімдемеде үйінді астынан шығарылған 1915 бала қараусыз қалған делінген. Бүгінде 1678 сәбидің жеке бас куәлігі анықталып, өтініш берушілер тексерілгеннен кейін ата-аналарына табысталды. Ал 86 бала мекеменің қарауына алынды. Сонымен қатар 151 баланың ауруханаларда емдеу процесі жалғасып жатыр. Қазір мекемеде жеке басы анықталмаған 42 бала бар.