Түркия орталығында тағы жер сілкінісі тіркелді

0
1 145

Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 9.13-те тіркелді.


Түркия орталығында тағы жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді, деп жазады tengrinews.kz.

Деректерге сәйкес, Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 9.13-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Гельбаши ауданынан бес шақырым жерде орналасқан. Ошақ екі шақырым тереңдікте анықталған.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апат салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Түркия жеті күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Елдегі және көршілес Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 4 мыңнан асты.