Түркияның Искендерун қаласында жер сілкінісінен кейін теңіз деңгейі көтеріліп, қаланы су басты

0
949

Тұрғындар портты қаланың жағалау бөлігіндегі ғимараттардан эвакуацияланып жатыр.


Түркияның Искендерун қаласында жер сілкінісінен кейін теңіз деңгейі көтеріліп, қаланы су басты

ERNUR.KZ. Түркияның Искендерун қаласында болған жер сілкінісінен кейін теңіз деңгейі көтерілді, деп жазады stan.kz.

Тұрғындар портты қаланың жағалау бөлігіндегі ғимараттардан эвакуацияланып жатыр.

Магнитудасы 7,7 болатын дүмпулерден кейін жолдарды, алаңдарды, кәсіпорындарды теңіз суы басып жатыр. Ол жер сілкінісінен кейін су жағалау сызығынан бірнеше метрге көтерілді. Екі күн өтсе де су кері шегінбеген. Жаңа дүмпулердің және ықтимал су басу қаупіне байланысты адамдардың үйлеріне қайтуына рұқсат етілмейді.

Искендерун билігі аймақ тұрғындарына зардап шеккен үйлерге кірмеуді ескертті. Жойқын жер сілкнісінен кейін адамдар саябақтар мен басқа да ашық жерлерде қалуға тырысып жатыр.