Түркияда жер сілкінісінен кейін бір қала сүріледі

0
609

Шенеунік қазір іздеу-құтқару жұмыстары үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін соңғы сегіз үйде жүргізіліп жатқанын айтты.


Түркияда жер сілкінісінен кейін бір қала сүріледі

ERNUR.KZ. Түркияның Газиантеп провинциясындағы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Нұрдағы қаласы толық сүріледі. Бұл туралы губернатордың міндетін атқарушы Осман Билгин мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Шенеунік қазір іздеу-құтқару жұмыстары үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін соңғы сегіз үйде жүргізіліп жатқанын айтты.

"Біз үлкен апатты бастан өткердік. Қала құрылысы министрі Куруммен бірге шешім қабылдадық, барлық қоқысты тазалап, қаланы толық сүреміз, 100 пайыз. Қала қайта салынады", - деді Билгин.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қалада кемінде 40 мың адам өмір сүрген.

Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Сондай-ақ, Түркияның әр жерінде тұрғын үйлер мен тарихи Газиантеп бекінісі қирады. Ал Италияда Түркиядағы жер сілкінісінен кейін цунами қаупі ескертілді.