Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 6 мыңнан асты

0
827

Қазіргі уақытта аймаққа көмек көрсету үшін 79 110 адам жұмылдырылғанын айтты.


Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 6 мыңнан асты

ERNUR.KZ. Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 6 мыңнан асты, деп жазады tengrinews.kz.

Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, апат салдарынан қаза тапқандар саны 6234, ал зардап шеккендер саны 37011-ге жетті.

AFAD сонымен қатар қазіргі уақытта аймаққа көмек көрсету үшін 79 110 адам жұмылдырылғанын айтты.