Сирияда үйінділер астында сәби дүниеге келді

0
949

Баланың анасы сол жерде қайтыс болды.


Сирияда үйінділер астында сәби дүниеге келді

ERNUR.KZ. Сириялық Алеппода жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділерді тазарту кезінде құтқарушылар босанған әйелді тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Баланың анасын құтқару мүмкін болмады, ол босанғаннан кейін бірден тіл тарпай кетті.

Бұған дейін Алепподан құтқарылған шақалақ пен қаланың ескі бөлігіндегі Эль-Акаба кварталында табылған жасөспірім туралы ақпарат келіп түскен. Дамаскіден солтүстікке қарай 360 шақырым жерде орналасқан бұл провинциялық орталықта 47 ғимарат құлады.

Al Arabiya мәліметтері бойынша, Сирияның солтүстігіндегі 58 елді мекенде табиғи апат салдарынан тұрғын үйлерге зақым келген.

Соңғы мәліметтер бойынша, 1000-ға жуық адам жер сілкінісінің құрбаны болды, 1,4 мыңнан астам адам зардап шекті. Бүгінде Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі кем дегенде 4 мың адамның өмірін қиды.

Түркиядағы жер сілкінісі құрбандар саны 3000-ға жетті.