Түркияда қираған ғимараттар үшін 113 адамды қамауға алу туралы ордер берілді

0
1 496

Бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Шанлыурфа аймағында 8 адам қамауға алынды.


Түркияда қираған ғимараттар үшін 113 адамды қамауға алу туралы ордер берілді

ERNUR.KZ. Түркияның 10 провинциясында Әділет министрлігінің тапсырмасымен Жер сілкінісіне байланысты қылмыстарды тергеу бөлімдері ашылды, деп жазады inform.kz.

Түркияның вице-президенті Фуат Октайдың айтуынша, жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттар үшін 131 күдікті анықталды, оның біреуі қамауға алынды, тағы 113 адамды қамауға алу туралы ордер берілді.

Бұған дейін Түркияның апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) жер сілкінісі салдарынан 80 278 адам зардап шеккенін хабарлаған. Оқиға орындарында кемінде 218 406 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Апта басында Кахраманмараш провинциясында болған 7,7 және 7,6 балдық зілзала дүмпулері Адана, Адияман, Диярбакыр, Газиантеп, Хатай, Килис, Малатия, Османие және Шанлыурфа сияқты 10 провинцияда және көршілес Сирия мен Ливанда сезілді.

Сонымен қатар, елдің қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Курум 10 провинциядағы 171 882 ғимаратқа тексеру жүргізілгенін айтты.

«Біз 24 921 ғимаратта барлығы 120 940 құрылыстың құлағанын, шұғыл бұзуды қажет ететінін немесе қатты зақымдалғанын анықтадық», - деді М. Курум.

Оған қоса, 10 провинцияда 122 279 ғимарат шамалы зақымданған немесе мүлде зақым келмеген.

Бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Шанлыурфа аймағында 8 адам қамауға алынғаны, Хатайда жер сілкінісі кезінде құлаған Rönesans Rezidans тұрғын үй кешенінің сәулетшісі Мехмет Яшар Джошкунның Ыстанбұл әуежайында ұсталғаны хабарланған еді.