Украиналық құтқарушылар Түркияға жетті

0
630

Құтқарушылар жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға көмекке барды.


Украиналық құтқарушылар Түркияға жетті

ERNUR.KZ. 9 ақпанға қараған түні Украинаның ТЖМҚ жиынтық отрядының құтқарушылары Түркияға жетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Украиналық құтқарушылар Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Зардап шеккен қалалардың бірінің ауданында ТЖМҚ шатырлы қалашығы ашылды.

«9 ақпанға қараған түні ТЖМҚ жиынтық отрядының құтқарушылары Хатай провинциясының Антакья қаласындағы Доанкой ауданында шатырлы қалашық құрды. Брифингтің қорытындысы бойынша Үйлестіру штабымен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу аймағы анықталды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында екі ірі жер сілкінісі болды. Онда 12 мыңнан астам адам қаза тапты.