Олар ұшақ апатының себебін анықтауға көмектеседі.
ERNUR.KZ. Ақтауға Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері ұшып келді, деп жазады sputnik.kz.
Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның штабында жиналыс өтті, онда бірлескен міндеттер айқындалды.
Бұған дейін Тоқаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебін объективті тексеруді тапсырған болатын. Сондай-ақ ол апаттың салдарын жоюға атсалысқан дәрігерлер мен құтқарушыларды мемлекеттік наградаларға ұсыну керектігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды.
38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.