​Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына тағы көмек көрсетіледі

0
139

2024 жылдың аяғында Ақтау түбіндегі ұшақ апатынан алты отандасымыз мерт болған еді.


​Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына тағы көмек көрсетіледі

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау түбіндегі ұшақ апатынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасына демеушілер тағы әлеуметтік көмек көрсететінін айтты, деп жазады inform.kz.

— Біріншіден әлеуметтік көмек көрсетілді. Әрбір отбасыға тиісті сомасы төленді. Жерлеу рәсімі, басқа да мәселелер бойынша біздің әріптестеріміз, әкімдер өздеріне жүктелген міндеттерді атқарды. Демеушілердің арқасында келесі аптада тағы бір көмек көрсетеміз деп ойлаймын. Ол отбасыларға тиісті көмек көрсетіледі. Әзірге нақты қандай, қанша мөлшердегі көмек екенін айта алмаймын. Нақты белгілі болғанда ресми мәліметін береміз, - деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ ол қазақ тапқандардың отбасына отбасына 5 млн теңгеден әлеуметтік көмек төленгенін айтты.
Еске салсақ, 2024 жылдың аяғында Ақтау түбіндегі ұшақ апатынан алты отандасымыз мерт болған еді.
Қаза тапқан 6 Қазақстан азаматының төртеуі Маңғыстау облысының тұрғыны. Одан бөлек, бір азамат Қостанай облысынан және біреуі Астана қаласының тұрғыны.