Президент ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

0
136

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды.


Президент ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

ERNUR.KZ. ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында зардап шеккендерге толық қолдау көрсету үшін шаралар қабылданды, деп жазады kaz.inform.kz.


Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техника жұмылдырды. 29 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық, психологиялық және басқа да көмек көрсетіліп жатыр.

Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп шетел азаматтары мен қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Президент зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.