Ақтауда болған ұшақ апатын дронға түсірген блогер бостандыққа шықты

0
190

​Ол 10 күн бұрын қамауға алынған еді.


Ақтауда болған ұшақ апатын дронға түсірген блогер бостандыққа шықты

Фото: инстаграм Azamat Sarsenbayev

ERNUR.KZ. Азамат Сәрсенбаев үйіне оралғанын өзінің инстаграм парақшасында хабарады. Ол уақытша ұстау изоляторында 10 күн болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы құлап, 38 адам қаза тапты. Әуе кемесі Бакуден Грозныйға бармақ болған. Азамат Сәрсенбаев құқық қорғау органдары өкілдерінің бұйрығына бағынбағаны үшін айыпталды.