Ақтау маңындағы ұшақ апаты: "қара жәшіктер" Бразилияға жіберіледі

0
207

Embraer әуе кемесі осы Бразилияда шығарылады.


Ақтау маңындағы ұшақ апаты:

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. ҚР Көлік министрлігі Ақтау маңындағы авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Айта кетейік, Embraer әуе кемесі осы Бразилияда шығарылады.

CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.

Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

Бұған дейін Тоқаевтың Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушыларын құтқаруға көмектескендерді марапаттағаны хабарланған болатын.

Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні орын алды.