Ақтауда полицейлер ұшақ апаты болған орынды түсіргені үшін фотограф Азамат Сәрсенбаевты ұстады

0
124

Блогер Азамат Сәрсенбаев желідегі парақшасында апат орнында жүргенін көрсетті.


Ақтауда полицейлер ұшақ апаты болған орынды түсіргені үшін фотограф Азамат Сәрсенбаевты ұстады

ERNUR.KZ Алайда Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ орнын түсіргені үшін фотографты полиция ұстап әкетті, деп жазады Stan.kz.




Блогер өзінің Instagram парақшасында апат орнында жүргенін көрсетті. Кейін бәз біреулер өзінің соңынан түскенін жеткізді.

Блогер өзін полицейлердің қалай тоқтатқанын да түсіріп жүрді. Басында “көлік айдап келе жатып телефон ұстап отырсыз” деген полицейлер кейін блогерді ұстап әкеткен.

"Мені ұстап әкетті. Ақтау қаласының полиция бөлімшесіне бара жатырмын", – деп жазды ол.

Блогер өзін телефон ұстағаны үшін емес, ұшақ апатын түсіргені үшін ұстағанына сенімді. Фотограф осы тұста өзі түсірген суреттерді әлемдік БАҚ-тың қолданып жатқанын жеткізді.