Ұшақ апаты: Әзербайжан жұрты қазақ халқына алғыс айтып жатыр

0
161

Бірер күн бұрын Ақтау маңында Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Әуе бортында бірнеше елдің азаматтары болды, оның ішінде қазақстандықтар да бар.


Ұшақ апаты: Әзербайжан жұрты қазақ халқына алғыс айтып жатыр
ERNUR.KZ. Өкінішке қарай, әуе апатынан мерт болғандар бар, бортта болған барлық Қазақстан азаматы қайтыс болды, деп жазады kaz.inform.kz.
Апаттан аман қалған жандарға біздің дәрігерлер мен басқа да құзырлы органдардың мамандары жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.


“Алға, Қазақстан! Туды көріп тұрсыздар ма? Бұл біздің әуе бортын қабылдаған ұлы Қазақстанның туы. Ұшақтағы апаттан мерт болған барша қазаққа көңіл айтамын. Әуе бортын қабылдағаны үшін, дер кезінде қолын ұшын созып көмек көрсеткені үшін ұлы қазақ халқына шын жүректен алғыс айтамын. Қазақстандықтар қан тапсырды, Төтенше жағдайлар министрлігі шұғыл әрекет етті, қайғы шеккен жандар Әзербайжан елшілігінің алдына гүл шоқтарын қойды. Сіз ұлы халықсыз, көп рақмет! Сіздер біздің бауырсыздар, алға Қазақстан, алға Тұран!”

“Шынымды айтам, басымды иемін. Қиын сәтте қасымыздан табылып, бауыр ретінде қол ұшын создыңыздар, мың алғыс”, - деп Әзербайжан азаматы видео арқылы алғыс айтты.

“Мен Қазақстанды сүйемін! Ұлтым – шешен. Осында туып-өстім, тұрып жатырмын. Мен Құдайдың қазақ жерінде жаратқанына қуаныштымын. Бұл жерде керемет жандар. Қазақ қиын сәтте үнемі қол ұшын созатынын өмір көрсетіп отыр. Ақтаудағы қайғылы сәтте жақын маңдағы электриктер, дәрігерлер мен басқа да бей-жай қарамаған жандар дереу көмегін көрсетіп, адам өмірін құтқаруға атсалысты. Бейбітшілік болсын!”, - деп жазды отандасымыз желіде.

“Рақмет, Қазақстан! Жүздеген литр қан тапсырып, қиын сәтте қолдау көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен алғыс”, - деген пікір қалдырған Лейла Насырова есімді желі қолданушысы.

“Қазақстан бауырыма басымды иемін. Бауыр қиын сәтте таниды. Біздің жақын жандарды құтқарғандарыңыз, жедел әрекет үшін рақмет!”, - деген пікір қалдырыпты желіде.

“Қазақ халқы Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған жандарға көмек ретінде қан тапсыруға кезекте тұр. Сіздерге рақмет!” – дейді Гамид Гамидов есімді азамат.