Ақтау маңында құлаған ұшақтың «қара жәшігі» Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді

0
120

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды, барлығы қайтыс болды.


Ақтау маңында құлаған ұшақтың «қара жәшігі» Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді
Фото: Ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Қара жәшік Бразилияға зерттеуге жіберілген еді, деп жазады inform.kz.

— Қазақстанға келген борттағы өздігінен жазғыштың шифрланған деректерін мамандар зерттеп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, Көлік министрлігінен әуе апатын тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттары мен ұсынылған практикасына сәйкес барлық факті мен материалды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін алдын ала есеп жариялайтынын жеткізді. Онда тергеу барысы туралы анықталған нақты ақпарат ұсынылады.
Еске сала кетейік, Қазақстан борттағы өздігінен жазғыш құралдарды Бразилияға жіберді.
Сондай-ақ «қара жәшікті» оқуға неше күн кететіні туралы авиация инженерінің жауабын жарияладық.
Одан бөлек, «қара жәшік» Бразилияға неге жіберілгені туралы жазған болатынбыз.
Айта кетейік, Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды, барлығы қайтыс болды.