Ақтаудағы ұшақ апаты: зардап шеккен қырғызстандықтар толықтай ауруханадан шықты

0
172

​Ұшақ апатынан Қырғызстанның үш азаматы зардап шекті.


Ақтаудағы ұшақ апаты: зардап шеккен қырғызстандықтар толықтай ауруханадан шықты

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен Қырғызстанның үшінші азаматы ауруханадан шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, аман қалған 29 адам ауруханаға жеткізілді.

Ресми мәлімет бойынша, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар арасында Әзербайжанның 42 азаматы, Қырғызстанның 3 азаматы, Ресейдің 16 азаматы, Қазақстанның 6 азаматы болған.

30 желтоқсанда Қырғызстан азаматтары емін жалғастыруы үшін еліне жеткізілді. 8 қаңтарда ұшақ апатынан зардап шеккен екі қырғызстандық ауруханадан шыққаны хабарланды.