​Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеуге Түркиядан келген мамандар жұмылдырылды

0
150

Әзербайжан әуе жолдарының құлаған ұшағын тергеуге 8 адамнан тұратын түрік мамандары тобы қатысады.


​Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеуге Түркиядан келген мамандар жұмылдырылды

Фото: t.me/qr_tjm

ERNUR.KZ. Бұл туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Оның айтуынша, Әзербайжан әуе жолдарының құлаған ұшағын тергеуге 8 адамнан тұратын түрік мамандары тобы қатысады. Сараптама комиссиясы Әзербайжан Мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің өтініші бойынша құрылған.

"Біз техникалық және операциялық талдау жүргізіп, қажетті қолдау көрсетеміз. Біз құзырлы органдармен келісе отырып, оқиғаның толық мән-жайын анықтап, нәтижелерін хабарлайтын боламыз", - деді ол.
Оралоглу делегацияның 27 желтоқсан күні кешке Бакуге аттанғанын айтты.
- Түркия кез келген жағдайда Әзірбайжанды қолдайды, - деді ол.
Министр ұшақ апатында қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Бұған дейін Ақтауға апатқа ұшыраған Embraer ұшағының өндірушілері келгені хабарланған болатын.
Желтоқсанның 25-і күні Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтау маңында Қазақстан аумағында құлады. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.