Embraer – коммерциялық, іскерлік және әскери ұшақтарды шығаруға маманданған әлемдегі жетекші ұшақ өндірушілердің бірі. Ол 1969 жылы Бразилияда құрылған.
Фото: EPA / ТАСС
ERNUR.KZ. Ақтау маңында ұшағы апатқа ұшыраған Embraer компаниясы ресми мәлімдеме жасап, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп жазады inbusiness.kz.
– Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде Embraer 190 ұшағымен болған оқиға бізді қатты күйзелтті. Осы оқиғадан зардап шеккендердің отбасыларына, дос-әріптестер мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз және тиісті органдарға қолдау көрсетуге толық дайынбыз, – делінген компанияның ресми сайтындағы хабарламада.