Ақтаудағы ұшақ апатында зардап шеккен 20 жастағы жігіт есін жиды

0
276

Ведомствоның хабарлауынша, олар зардап шеккен Қырғызстан азаматтарын жаңа жылға дейін отанына қайтаруға бар күш-жігерін салады.


Ақтаудағы ұшақ апатында зардап шеккен 20 жастағы жігіт есін жиды

ERNUR.KZ. Ақтауда ұшақ апаты салдарынан ауыр жарақат алған 20 жастағы қырғызстандық Ринат Асанов есін жиды, деп жазады Zakon.kz.

Қазір жас жігіт Маңғыстау облыстық ауруханасында, онда оның тағы екі жерлесі ем алып жатыр. Бұған дейін Ақтауға олардың туыстары, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен медицина қызметкерлері барған.

Ведомствоның хабарлауынша, олар зардап шеккен Қырғызстан азаматтарын жаңа жылға дейін отанына қайтаруға бар күш-жігерін салады.



"Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен қалған екі адамның жағдайы тұрақты, бірақ олар медициналық бақылауды қажет етеді. Іс-шаралар Қазақстан мен Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігімен тығыз байланыста жүргізіліп жатыр - Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жеке бақылауында", - деп атап өтті Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.