Azerbaijan Airlines ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 12 млн теңгеден төлейді

0
147

Барлық жолаушылар Әзербайжан заңнамасына және халықаралық тәжірибеге сәйкес қолданылатын тиісті сақтандыру төлемін алады,


Azerbaijan Airlines ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 12 млн теңгеден төлейді

Ulysmedia коллажы

ERNUR.KZ. Azerbaijan Airlines әуе компаниясы Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына 12 млн теңгеден астам ақшадан төлейді, деп жазады ulysmedia.kz.

– "Әзербайжан әуе компаниялары" АҚ бақылау кеңесінің шешіміне сәйкес, Баку – Грозный рейсін орындаған Embraer 190 ұшағының әрбір жолаушысына 20 000 Манат (6 млн теңге) және әрбір қаза тапқан адамның отбасыларына 40 000 Манат (12 млн теңге) мөлшерінде өтемақы белгіленді, – делінген әуе компаниясының ресми хабарламасында.

Сонымен қатар, барлық жолаушылар Әзербайжан заңнамасына және халықаралық тәжірибеге сәйкес қолданылатын тиісті сақтандыру төлемін алады, деп атап өтті Azerbaijan Airlines.

Ақтаудағы брифинг өткен кезде еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ақмади Сарбасов ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың туыстарына қалай көмек көрсетілетінін айтқан еді.

– Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Мөлшері анықталады. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келер болсақ, республикалық бюджет желісі бойынша әрбір отбасы бойынша тиісті төлем беріледі <...> Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының желісі бойынша – 257 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі, – деді Ақмәди Сарбасов.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 5 млн теңге көлемінде біржолғы көмек қарастырылғанын мәлімдеген еді.