Тоқаев Әзербайжан президентіне көңіл айтты

0
120

Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған болатын.


Тоқаев Әзербайжан президентіне көңіл айтты

ERNUR.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
"Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді", – делінген жеделхатта.
Еске сала кетейік, бүгін Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж болған. Жаңартылған мәлімет бойынша 32 адам апаттан аман қалған.