Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері Бразилияға жөнелтіледі

0
168

Апат болған жерден екі өздігінен жазу құралы табылды.


Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері Бразилияға жөнелтіледі

фото: Акимат Мангистауской области

ERNUR.KZ. Қазақстан Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының өздігінен жазу құралдарын Бразилияға жөнелту туралы шешім қабылдады, деп жазады sputnik.kz.
"Комиссия борттағы өздігінен жазу құралдарын (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.
Айта кетері, Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет қара жәшіктердегі деректерді оқуға жағдай жасайды және оларды қай елде оқу қажеттігі туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялап, Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болды.