Ақтаудағы ұшақ апаты: министр алдын ала есеп неге уақытында жарияланбағанын айтты

0
301

Халықаралық талап бойынша есеп 30 күннің ішінде жариялануы қажет.


Ақтаудағы ұшақ апаты: министр алдын ала есеп неге уақытында жарияланбағанын айтты

фото :Пресс-служба МЧС Казахстана

ERNUR.KZ. Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала есебі қай кезде жарияланатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.
Министрдің өзі арнайы комиссияның құрамына кіреді. Оның айтуынша, алдын ала есеп әзірлеу жұмысы аяқталайын деп қалды.
"Жақын күндері алдын ала есеп министрліктің ресми сайтында жарияланады", - деді Қарабаев үкіметте өткен брифингте.
Алайда министр нақты күнін айтпады. Себебі "мамандарға әлі де уақыт керек". Осы орайда министр алдын ала есеп не себепті уақытында жарияланбағанын да түсіндірді. Халықаралық талап бойынша есеп 30 күннің ішінде жариялануы қажет. Бірақ бүгінде ол уақыт бір айдан асып кетті.
"Біз есепті әзірлеудің соңғы кезеңіне келіп қалдық. Жақын арада жариялаймыз", - деді Қарабаев.
Айта кетері, 24 қаңтарда премьер-министрдің орынбсары Қанат Бозымбаев алдын ала есеп келесі аптада жарияланатынын айтқан болатын. Бірақ тергеудің алдын ала нәтижесі әлі шықан жоқ.