Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы пайда болды

0
132

Айдана – Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатынан аман қалған 28 адамның бірі.


Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы пайда болды

Фото: t.me/azerbaycanfhn

ERNUR.KZ. Әзербайджанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардесса Айдана Рагимлидің фото және видеосын жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Қыз қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық ауруханасы палатасында жатқандығы белгілі. Ол делегация мүшелерін көріп көзіне жас алды.

Айдана – Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатынан аман қалған 28 адамның бірі. Стюардессадан басқа, экипаждың тағы бір мүшесі аман қалған.

Еске салайық, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушылар ұшағы қалың тұман салдарынан Грозныйға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағытталған.

Апат себебіне қатысты бірнеше нұсқа айтылды. Бір нұсқа бойынша, апатқа ұшақ пен құстар тобының соқтығысуы себеп болған. Тағы бір БАҚ бортта оттегі багы жарылғанын хабарлады. Embraer Ақтау әуежайына 3 минуттан аз уақыт қалғанда рульді басқара алмай, апатқа ұшырады.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған:

  • 42 Әзербайжан азаматы;
  • 16 Ресей азаматы;
  • 6 Қазақстан азаматы;
  • 3 Қырғызстан азаматы;
  • Ұлты белгісіз екі әйел, біреуі шамамен 32 жаста, екіншісі шамамен 40 жаста.

Кейінгі мәліметтер бойынша, 29 адам аман қалған. Олар Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары.

Айта кетейік, алғашқы хабарлар 11:20-да келіп түскен, сол кезде Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ Ақтауға жедел қону үшін сұраныс жасағаны туралы айтылды.

Грозный әуежайының баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, ұшақтың бағытын өзгертуге қалың тұман себеп болған. Ұшақ алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға қайта бағытталған.