Путин Әзербайжан президенті Әлиевке қоңырау шалып, кешірім сұрады

0
191

Әңгіме барысында Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе жолдарының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланғаны айтылды.


Путин Әзербайжан президенті Әлиевке қоңырау шалып, кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Ресей президенті өз бастамасымен Әлиевке қоңырау шалып, AZAL жолаушылар ұшағының апатын талқылады, деп жазады Ulysmedia.kz



Әңгіме барысында Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе жолдарының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланғаны айтылды.

Сондай-ақ Путин қайғылы оқиғаның ресейлік әуе кеңістігінде болғанына өкініш білдіріп, кешірім сұраған. Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтқан.

“Әңгіме барысында кесте бойынша ұшатын Әзербайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға әрекеттенгені айтылды. Бұл кезде Грозный, Моздок және Владикавказға украиналық жауынгерлік ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады, ал ресейлік әуе қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарға тойтарыс берді”, деп жазды Кремль баспасөз қызметі.

Одан бөлек Ресейдің Тергеу комитеті аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғағаны және алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, азаматтық және әскери мамандардан жауап алынғаны айтылды.