Ақтаудағы ұшақ апатында оттегі баллонының жарылуы: министрлік ресми мәлімдеме жасады

0
199

Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ апатқа ұшырады.


Ақтаудағы ұшақ апатында оттегі баллонының жарылуы: министрлік ресми мәлімдеме жасады

Фото: ҚР ТЖМ

ERNUR.KZ. AZAL ұшағындағы оттегі баллонының жарылуы туралы мәлімет бойынша Көлік министрлігі арнайы мәлімдеме жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомство мәліметінше, AZAL ұшағында оттегі баллонының жарылғаны туралы ақпарат Ростов әуе компаниясының ұшу жетекшісінен сағат 10.53-те түсті.

«Ростов әуе компаниясының ұшу жетекшісі Ақтау мұнарасының ұшу басшысына жолаушылар кабинасында оттегі баллоны жарылғаны, жолаушылар есінен танып қалғаны және келген кезде реанимация жасауды сұрағаны туралы қосымша ақпарат берді. Осы ақпаратқа сүйене отырып, барлық құтқару қызметі жедел хабарланды. Брифингте Ростов әуе компаниясы ұшу жетекшісінің хабарламалары негізінде оқиғалардың хронологиясы айтылды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Бакуден Грозныйға бағыт алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 42 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Барлығы 38 адам қаза тапты.