"Ол уақытта украиналық дрондар Грозный мен Владикавказға шабуыл жасап жатқан": Росавиация Ақтаудағы ұшақ апатына пікір білдірді

0
224

Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді.


Фото: belta.by

ERNUR.KZ. “Росавиация” басшысы Дмитрий Ядров апатқа ұшыраған Embraer ұшағының командиріне басқа әуежайлар ұсынылғанын, бірақ ол Ақтау әуежайын таңдағанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

“Росавиация” басшысы Дмитрий Ядровтың айтуынша, Украинадағы лаңкестік әрекеттерге байланысты енгізілген "Ковер" жоспарының салдарынан ұшақ Грозныйға қона алмады.

"Ол кезде Украинаның жауынгерлік ұшқышсыз ұшақтары Грозный және Владикавказ қалаларындағы азаматтық инфрақұрылымға лаңкестік шабуыл жасады", – деді Ядров.

Сонымен қатар апат болған сағаттарда қала маңында қалың тұман болды, дейді Ядров.

"Ковер" жоспары – әуе кемелерінің дереу қонуы немесе олардың ұшу аймағынан кетуін көздейтін жабық аспан режимі.

Еске салсақ, бұған дейін Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді.