Жарақат алғандардың барлығына Ақтаудағы ауруханаларда қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Күні кеше Ақтауға Ресейден ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін медицина қызметкерлер мінген борт ұшып келген болатын. Бүгін олар түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 отандасымен бірге елдеріне қайтты, деп жазады inform.kz.
Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, ресейлік делегацияны Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары мен жастар ақ тілектерін айтып, шығарып салды.
Айта кетейік, жарақат алғандардың барлығына Ақтаудағы ауруханаларда қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ Ақтауда Вице-премьер Қ.Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Еске салсақ, Әзербайжан елордасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған Azerbaijan Airlines ұшағы Қазақстан аумағында апатқа ұшырады.