Жуырда картинаның түсірілімі басталуы мүмкін.
Фото: azattyq-ruhy.kz
ERNUR.KZ. Әзербайжан Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының бортсерігі Хокума Алиева туралы қысқаметражды деректі фильм түсіреді, деп жазады inbusiness.kz.
Oxu.Az порталының жазуынша, Әзербайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер, сценарист Зия Шихлинский фильм түсіру бойынша дайындықты бастап та кеткен.
Хокума Алиева 2024 жылғы 25 желтоқсанда Баку-Грозный рейсін орындаған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағында жұмыс істеді. Қызмет бабында қаза тапқан бортсерікке "Әзербайжанның ұлттық қаһарманы" атағы берілген болатын.
Жуырда картинаның түсірілімін бастау жоспарланып отыр. Деректі фильмнің көркемдік жетекшісі – Әзербайжан кинематографистер одағының төрағасы, Халық әртісі Расим Балаев, сценарий авторы және режиссері – Зия Шихлинский, оператор – республиканың еңбек сіңірген өнер қайраткері Әділ Аббасов.
Фильм болашақ ұрпаққа ой салатын және шабыт әкелетін әсерлі оқиғаға толы болады деп күтілуде.