Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей командир мен диспетчерлердің әңгімесін зерделеуге кірісті

0
116

Экипаж командирі Грозный, Махачкала мен Минеральные воды әуежайларының диспетчерлерімен сөйлескен.


Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей командир мен диспетчерлердің әңгімесін зерделеуге кірісті

фото: Azamat Sarsenbayev

ERNUR.KZ. Ресейдің тергеу комитеті Ақтаудың маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының командирі мен үш қаладағы диспетчерлер арасындағы әңгімені зерделеуге кірісті, деп жазады sputnik.kz.
Экипаж командирі Грозный, Махачкала мен Минеральные воды әуежайларының диспетчерлерімен сөйлескен. Тергеушілер олардың әңгімесін жан-жақты зерттеп жатыр.
"Қазіргі кезде кешенді авиациялық-техникалық сараптама тағайындалды. Әуе кемесінің барлық жүйелерінің жағдайы, сондай-ақ, заттай дәлелдемелер зерделеніп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Комитет мамандары Әзербайжан мен Қазақстандағы әріптестерімен байланыста екенін ерекше атап өтті. Қазақстанда Бразилиядан келген қара жәшіктердің мәліметтері зерделеніп жатыр.
Ал Қазақстанның көлік министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, арнайы комиссиясының алдын ала есеп жарияланғанға дейін ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған деректерге түсініктеме берілмейді.
"Комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады", - дейді министрлік мамандары.