"Бет-аузы қанап тұрды": Ұшақтан 15 жолаушыны жұмысшылар шығарып алған

0
151

Апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағы тура олардың үстінен ұшып өткен.


ERNUR.KZ. Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушыларына бірінші болып көмекке барғандардың арасында Маңғыстау өңірлік электр торабы компаниясының энергетиктері де болған. Жақын жерде жұмыс істеп жатқан олар бірден оқиға орнына жүгірген, деп жазады sputnik.kz.

Бүгін Марат Ізмұхан әріптестерімен бірге Ақтау әуежайына жақын жерде электр бағаналарын орнатқан. Апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағы тура олардың үстінен ұшып өткен.
"Ұшақ үстімізден ұшып өтті. Біз мән берген жоқпыз. Өйткені екі-үш шақырым шалғай жерде әуежай бар. Ұшақтар жиі ұшады. Бір кезде теңіз жақтан түтін шықты. Сол кезде ұшақтың құлағанын түсіндік. Көлікке міндік те, оқиға орнына 3-4 минуттың ішінде бардық", - дейді Ізмұхан.
Оның айтуынша, ұшақ екіге бөлініп кеткен. Бас жағы отқа оранып, шамамен 200 метр шалғай жерде жатқан. Ал артқы жағы өртенбеген.