Ақтауға Әзербайжаннан комиссия келді

0
145

Делегацияны Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі бастап келді.


Ақтауға Әзербайжаннан комиссия келді

ERNUR.KZ Ақтауға ұшақ апатын бірлесіп тергеу үшін Әзербайжаннан арнайы комиссия келді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Делегацияны Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі бастап келді.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәудет Қилыбай пен Әзербайжан үкіметінің өкілдері құтқару операциясы аясында жасалатын тиісті шараларды пысықтады. Қилыбай зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын айтты.
Айта кетері, Әзербайжаннан келген комиссияның құрамына төтенше жағдайлар министрінен бөлек бас прокурордың орынбасары, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, азаматтық авиация агенттігі басшысының орынбасары және AZAL әуе компаниясының вице-президенті кіреді.
Сондай-ақ осы елдің президенті Ильхам Әлиев ұшақ апатын тергеу бойынша мемлекеттік комиссияны құруды тапсырды. Оны премьер-министр Әли Асадов басқарады.