Әзербайжан министрі маңғыстаулық дәрігерлерге алғыс айтты

0
184


Әзербайжан министрі маңғыстаулық дәрігерлерге алғыс айтты

ERNUR.KZ. Әзірбайжанның денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсеткен Қазақстан дәрігерлеріне алғыс айту жеделхатын жолдады, деп жазады sputnik.kz.

Хатта "Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтарға шын жүректен көңіл айтамыз. Апат кезінде жоғары кәсібилігін көрсеткен жедел жәрдем қызметіне, білікті дәрігерлерге, ауыр халде жеткізілген науқастарға жоғары дәрежеде ем-дом көрсеткен мамандарға шексіз алғысымызды білдіреміз" делінген.

Сонымен қатар Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына, зардап шеккендерді құтқаруға және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыруға жұмылдырылған барлық дәрігерге алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды. 38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.